weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 21
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Даурен Ермеков АСА турнирінде Николa Дипчиковпен жұдырықтасады

Қазақтың аралас жекпе-жек шебері Даурен Ермеков 25 желтоқсанда Санкт-Петербургте өтетін ACA 211 турнирінде болгариялық Николa Дипчиковпен кездеседі. Жекпе-жек орта салмақтағы рейтингтік орын үшін маңызды болмақ.

Даурен Ермеков АСА турнирінде Николa Дипчиковпен жұдырықтасады Даурен Ермеков АСА турнирінде Николa Дипчиковпен жұдырықтасады
Sports.kz

Absolute Championship Akhmat (АСА) лигасы қазақстандық файтер Даурен Ермеков пен болгариялық Николa Дипчиков арасындағы жекпе-жекті ресми түрде жариялады.

Бұл кездесу 25 желтоқсанда Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтетін ACA 211 турнирі аясында ұйымдастырылады.

Орта салмақтағы бұл айқаста екі мықты спортшы рейтингтегі орнын жақсартуды көздейді. Лига өкілдерінің айтуынша, Дипчиков — қауіпті нокаутшы, ал Ермековтің де қарсыласқа қарсы уәжі жеткілікті: оның еншісінде нокаутпен де, тұншықтыру әдісімен де алынған жеңістер бар.

Даурен Ермеков соңғы жекпе-жегін шілде айында өткізіп, бразилиялық Рене Пессоаны екінші раундта сабмишенмен жеңген. Ал Николa Дипчиков маусымдағы соңғы айқасында ресейлік Александр Шлеменкодан екінші раундта мерзімінен бұрын ұтылған.

Профи-ММА-дегі мансабында Дипчиков 24 жеңісінің 20-сын нокаутпен аяқтаған.

.

Көп оқылды:

.
.