Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық атағын британиялық Хамза Ширазқа қарсы қорғайтынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
WBO-ның мәлімдемесіне сүйенсек, Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираздың командалары бүгіннен бастап 15 күн ішінде жекпе-жекке келісу керек. Егер қос боксшының командалары өзара келіспесе, жекпе-жек промоутерлік сатылымға өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, 4 қазанда Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичті жеңіп, IBF және WBO чемпиондық атақтарын қорғаған болатын.