Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақ боксшысы Еділ Қожамбердиев (13-2, 13 КО) Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен бокс кешінде рингке шықты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Қазақ жігітінің қарсыласы танзаниялық Абель Ндомба болды. Жалпы 8 раундқа жоспарланған жекпе-жек қазақстандық боксшының нокаутымен екінші раундта аяқталды.
Айта кетейік, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов неліктен бокста өзінен кейін Олимпиаданың алтын иегерлері шықпай жатқаны туралы айтты.