WBC, IBF және WBO тұжырымдары бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Артур Бетербиев пен осы дивизиондағы WBA Super титулының иегері Дмитрий Бивол TNT Sports Boxing YouTube арнасына ортақ сұхбат беріп, бетпе-бет сөйлесті, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Дмитрий Бивол:
- Біз бір ұлттық құрамада болдық, бірақ ешқашан дос болған емеспіз. Жоғарыда айтқанымдай, мен сөзсіз чемпион болғым келеді.
Артур Бетербиев:
- Мен онымен жекпе-жек өткізгім келмейді, маған жай ғана тағы бір белбеу керек. Арамызда жеке мәселе бар деп ойламаймын, бұл бизнес. Жекпе-жекке дейін маған ешбір қарсыласым ұнамайды, сол сияқты Дмитрийді де ұнатпаймын.
Жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек 12 қазанда Эр-Риядта өтеді.