World Boxing президенті Борис ван дер Ворст Өзбекстан спорт министрі Адхам Икрамовпен кездесті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі World Boxing президенті Борис ван дер Ворсттың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Өзбекстанда боксты Олимпиада ойындарында сақтап қалудың жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өзбекстанның ұлттық олимпиадалық комитеті мен бокс федерациясын Париждегі жетістіктерімен құттықтау сәті түсті. 5 алтын медаль – 21 ғасырдың қайталанбас рекорды. Тамаша!
Өзбекстан спорт министрі Адхам Икрамовпен, ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы Ойбек Касимовпен және бокс федерациясының өкілдерімен кездесіп, әр боксшының Олимпиадаға қатысу арманын сақтап қалғымыз келетінін айттық. World Boxing бокс әлемінде беделді Өзбекстан тарапынан қуатты қолдау алғанына қуаныштымын", - деп жазды ван дер Ворст.
Сондай-ақ Өзбекстан спортының өкілдері де бокстың Олимпиада ойындарында қалғанын қалайтынын алға тартты.