weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Хоккей 30
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанның жастар құрамасы Ресейге 0:7 есебімен есе жіберді

20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Санкт-Петербургте өткен «Келешек кубогында» Ресеймен кездесіп, ірі есеппен жеңілді. Келесі ойында қазақстандықтар Ресейдің U-18 құрамасына қарсы мұзға шығады.

Қазақстанның жастар құрамасы Ресейге 0:7 есебімен есе жіберді Қазақстанның жастар құрамасы Ресейге 0:7 есебімен есе жіберді
Sports.kz

20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Санкт-Петербургте өткен халықаралық «Келешек кубогы» турнирінде Ресей құрдастарымен кездесіп, 0:7 есебімен жеңілді.

Ойын «Юбилейный» спорт кешенінің мұз айдынында өтті. Ресей құрамасы сапынан Сергей Скворцов 3- және 21-минуттарда, Алан Шайхлисламов 27-, 42- және 60-минуттарда, Борис Борин 37-минутта, Михаил Меликов 59-минутта мергендік танытты.

Осылайша, Қазақстанның жастар құрамасы бұл турнирдегі екінші матчында да жеңіліс тапты. Бұған дейін қазақстандықтар Беларуське 3:5 есебімен жол берген еді.

Ал Ресейдің U-20 құрамасы жарысты сәтті бастап, өздерінің U-18 командасын 10:3 есебімен ұтты. Турнирде Қазақстан, Ресей және Беларусьтің жастар құрамалары, сондай-ақ Ресейдің 18 жасқа дейінгі командасы бақ сынап жатыр.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 8 қарашада Ресейдің U-18 командасына қарсы өткізеді. Матчтың басталуы — Қазақстан уақытымен 15:00. Сол күні Ресейдің жастар құрамасы Беларусьтің U-20 командасымен 19:00-де кездеседі. Қазақстандық хоккейшілерді Максим Худяков жаттықтырып жүр.

.

Көп оқылды:

.
.