Жақында кәсіпқой боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайы Екатерина Бивол желіде ерекше видео жариялады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Екатерина Бивол жекпе-жек барысын поп-ММА жауынгері және блогер Артем Тарасовпен бірге тікелей эфирде бақылап отырды. Жеңілістен кейін ол эмоцияға ерік беріп, Дмитрийге байланысты өз өкпесін ашық жеткізді:
«Тап саған керегі осы, ақымақ! Өткелде ат ауыстырмайды деген бар. Сен бізді тастап кеттің! Артур, құттықтаймын! Менің кезімде ол кәсіпқой бокста жеңілмеген, мен әлем чемпионының жұбайы едім. Мен одан әлем чемпионы жасадым. Біз кәсіби бокста 10 жыл бойы жеңіліп көрмедік! Бір жағынан ашулымын, өйткені ол отбасын да, бұл жеңісті де жоғалтты», - деді Екатерина Бивол жекпе-жек нәтижесі жарияланған соң.
Екатерина бұрынғы күйеуімен өткен өмірін еске түсіріп, оны чемпион еткен кезеңдерін мақтан тұтатынын атап өтті. Сонымен қатар, оның Биволдың отбасылық өміріне қатысты өкініші де анық байқалды.
Айта кетейік, Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізді. 12 раундқа жоспарланған бұл жекпе-жекте Артур Бетербиев төрешілердің бірыңғай шешімімен (114:114, 115:113, 116:112) жеңіске жетті.