weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 20
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Барселона» өз алаңында «Астон Вилланы» ұтып, Чемпиондар лигасында 9 ұпай жинады

Ламин Ямаль мен Рафиньяның голдары «Барселонаға» «Астон Виллаға» қарсы сенімді жеңіс сыйлады. Каталондық клуб Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде төрт турдан кейін 9 ұпайға жетті.

«Барселона» өз алаңында «Астон Вилланы» ұтып, Чемпиондар лигасында 9 ұпай жинады «Барселона» өз алаңында «Астон Вилланы» ұтып, Чемпиондар лигасында 9 ұпай жинады
Sports.kz

Испанияның «Барселонасы» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші турда өз алаңында Англияның «Астон Вилла» командасын 3:0 есебімен жеңді.

Кездесу «Камп Ноу» стадионында өтті. Алғашқы голды 7-минутта Ламин Ямаль соқты. Одан кейін 52-минутта Рафинья есепті еселеп, 64-минутта дубль авторы атанды.

Осы жеңістің арқасында «Барселона» төрт турдан кейін 9 ұпай жинады. «Астон Вилла» да төрт ойында дәл осынша ұпайға ие.

Келесі турда «Барселона» сырт алаңда әзербайжандық «Сабахпен» кездеседі. Ал «Астон Вилла» Түркияға барып, «Галатасарайға» қарсы ойнайды.

.

Көп оқылды:

.
.