Италияның TuttoAtalanta басылымы Қазақстан Премьер-лигасының 29-туры аясында өткен «Ақтөбе» мен алматылық «Қайрат» арасындағы кездесуге баға берді. Ойын 2:2 есебімен аяқталды.
Бұл тең нәтиже алматылық клубтың чемпиондыққа деген үмітін үзді: маусымның аяқталуына бір тур қалғанда «Қайрат» Шымкенттің «Ордабасысынан» төрт ұпайға қалып келеді.
«Тең ойын титул үшін күрестегі жеңілісті білдіреді, бірақ „Қайраттың“ камбэк жасау қабілетін растайды. Алматы командасын Италияда „Аталантаға“ қарсы 5 қарашада өтетін матч күтіп тұр. Чемпиондық қолдан кетті, бірақ Еуропа бар: „Қайрат“ Бергамоға бір мақсаты кем сапарға дайындалып жатыр», — деп жазады басылым.
Еске салайық, «Ақтөбемен» өткен ойында алматылықтар екі рет таразы басын теңестірді. «Қайрат» сапынан Эдиль Туякбаев пен Марк Гуаль көзге түсті.