weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 9
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Сұлтан Заурбек: чемпиондық белбеуді Қазақстанға алып келеміз

Қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек әлем чемпионы атағын елге әкелуге уәде берді. Ол IBF нұсқасы бойынша міндетті үміткер мәртебесін алғанын да атап өтті.

Сұлтан Заурбек: чемпиондық белбеуді Қазақстанға алып келеміз Сұлтан Заурбек: чемпиондық белбеуді Қазақстанға алып келеміз
Sports.kz

Қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек (21-0, 13 КО) алдағы чемпиондық жекпе-жек алдында ел жанкүйерлеріне уәде берді. Ол әлем чемпионы атағын Қазақстанға алып келетін сәт жақындап қалғанын мәлімдеді.

«Біз чемпиондық белбеуге міндетті үміткер атандық! Құдай қаласа, чемпиондық атақты Қазақстанға алып келетін күн де алыс емес. Бізді қолдап жүрген барша жанға үлкен рақмет», — деп жазды боксшы өз парақшасында.

Заурбек соңғы кездесуін 26 қыркүйекте Австралияның Квинсленд қаласында өткізіп, Джексон Инглендті (19-4, 10 КО) төрешілердің бір ауыз шешімімен жеңді. Төртінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірген ол айқаста айқын басымдық танытты.

Осы жеңістен кейін IBF ережесі бойынша Сұлтан Заурбек ресми әрі міндетті үміткер атанды. Қазір бұл тұжырым бойынша чемпиондық белбеу мексикалық Эмануэль Наварретеке (40-2-1, 33 КО) тиесілі.

.

Көп оқылды:

.
.