weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 4
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан Азиада-2026-ны 84 медальмен аяқтады

Аичи мен Нагояда өткен жазғы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медаль жеңіп алды. Ел құрамасының қоржынындағы соңғы ірі жеңістердің бірі бокстан, таеквондодан және фехтование мен ескек есуден түсті.

Қазақстан Азиада-2026-ны 84 медальмен аяқтады Қазақстан Азиада-2026-ны 84 медальмен аяқтады
Sports.kz

Қазақстан құрамасы Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өткен жазғы Азиада-2026 ойындарындағы өнерін аяқтады. Қорытындысында отандастарымыз 84 медаль иеленді: 12 алтын, 24 күміс және 48 қола.

Қазақстан жеңіс жолын жарыстың алғашқы күндерінің өзінде бастады. Жекелей уақытқа жарыста велошабандоз Рината Сұлтанова мен Алексей Луценко чемпион атанды. Сондай-ақ каратэшілер Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева ел қоржынына алтын салды.

Кейіннен аралас жекпе-жек шеберлері Еркінғали Буркиталин мен Қадырбек Шынбаев жеңіс тұғырын биіктетті. Ал Алексей Луценко жекелей сыннан кейін топтық тасжол жарысында да қарсылас шақ келтірмей, екінші алтын медалін алды.

Тарихи нәтиже академиялық ескекте тіркелді. Владислав Яковлев пен Иван Чернухин ерлер арасындағы қосқайықта топ жарып, Қазақстанға осы бағдарламадағы Азиада тарихындағы алғашқы алтынды сыйлады.

Сондай-ақ семсерлесуден ерлер құрамасы да чемпион атанды. Команда сапында Руслан Құрбанов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов өнер көрсетті. Финалда қазақстандықтар Оңтүстік Кореяны 43:42 есебімен ұтты.

Қазақстанның соңғы үш алтынын 2 қазанда бокстан Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) мен Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) және таеквондошы Тамирлан Тлеулес әкелді. Тлеулестің жеңісі Қазақстан үшін Азиада тарихындағы таеквондодан алғашқы алтын медаль болды.

.

Көп оқылды:

.
.