«Питтсбург Пингвинз» капитаны Сидни Кросби Ұлттық хоккей лигасында тарихи рекорд жасады. Канадалық хоккейші «Пингвинздің» капитаны ретінде 20-шы маусымын бастады.
Осылайша Кросби НХЛ тарихындағы бір клубтың капитандық белгісін 20 маусым бойы үздіксіз таққан жалғыз ойыншы атанды. Ол бұл көрсеткіш бойынша аты аңызға айналған Стив Айзерманды басып озды.
Айзерман «Детройт Ред Уингзді» 19 маусым бойы басқарған еді. Сондай-ақ Кросби «Вашингтон Кэпиталз» капитаны Александр Овечкиннің нәтижесінен де жоғары шықты. Овечкиннің еншісінде 18 маусым бар.
НХЛ тарихындағы ең ұзақ капитандықтар: Сидни Кросби («Питтсбург») — 20 маусым; Стив Айзерман («Детройт») — 19; Александр Овечкин («Вашингтон») — 18; Джо Сакик («Квебек»/«Колорадо») — 16; Джонатан Тэйвз («Чикаго») — 15.
Кросби «Питтсбург» командасының капитаны болып 2007 жылы, 19 жасында тағайындалған. Оның басшылығымен клуб 2009, 2016 және 2017 жылдары Стэнли кубогын жеңіп алды.