Қазақстанның дзюдо құрамасы Азиада-2026-дағы аралас командалық жарыстың финалында сынға түсті. Шешуші белдесуде отандастарымызды Жапония қарсы алды.
Финалда қазақстандық дзюдошылар 0:4 есебімен жеңіліп, турнирді күміс медальмен аяқтады.
Қазақстан құрамасы финалға дейін сәтті жол өтті. Ширек финалда Қырғызстанды 4:2 есебімен жеңсе, жартылай финалда Оңтүстік Кореядан 4:3 есебімен басым түсті.
Финалдық кездесуде ел намысын Айдар Арапов (90 кг), Гусман Қырғызбаев (73 кг), Меруерт Сарсенова (57 кг), Марат Байкамұров (+90 кг), Ажар Асхат (70 кг) және Аида Тойшибекова (+70 кг) қорғады.