weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 7
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан су добы құрамасы Азиада-2026 финалында күміс алды

Қазақстанның ерлерден құралған су добы құрамасы Азиада-2026 финалында Жапонияға жол берді. Қорытынды есеп — 7:24, ал ұлттық құрама күміс медальға ие болды.

Қазақстан су добы құрамасы Азиада-2026 финалында күміс алды Қазақстан су добы құрамасы Азиада-2026 финалында күміс алды
Sports.kz

Қазақстанның ерлер су добы құрамасы Азиада-2026 ойындарында финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде Жапониямен ойнады.

Алайда алтын үшін өткен матчта жапондар басым түсіп, 24:7 есебімен жеңіске жетті. Кездесу бөлімдері 5:0, 8:2, 5:2, 6:3 нәтижесімен аяқталды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азиада-2026 додасын күміс жүлдемен түйіндеді.

Айта кетейік, жартылай финалда Қазақстан су добышылары Қытайдан 11:10 есебімен басым түссе, ширек финалда Оңтүстік Кореяны 18:14 есебімен жеңген еді.

Бұл нәтижеден кейін Қазақстанның Азиададағы медаль қоржыны 12 алтын, 24 күміс және 46 қола медальға жетті.

.

Көп оқылды:

.
.