weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 9
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Нилуфар Раимова Азиада-2026-де қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық балуан Нилуфар Раимова Аичи мен Нагояда өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарында жүлдегер атанды. Ол үшінші орын үшін белдесуде Шри-Ланка өкілін айқын басымдықпен жеңді.

Нилуфар Раимова Азиада-2026-де қола медаль жеңіп алды Нилуфар Раимова Азиада-2026-де қола медаль жеңіп алды
Sports.kz

Қазақстандық балуан Нилуфар Раимова Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарында қола медаль иеленді.

57 килограмға дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде Раимова Шри-Ланка спортшысы Нетми Ахинса Фернандоны 13:1 есебімен мерзімінен бұрын жеңді. Қазақстандық спортшы техникалық басымдық танытып, жүлдеге қол жеткізді.

Раимова жарысты ширек финалдан бастады. Ол бұл кезеңде өзбекстандық Лайлохон Собированы 18:5 есебімен тізе бүктірді.

Алайда жартылай финалда қазақстандық балуан Қытай өкілі Хун Кэсиннен 0:10 есебімен жеңіліп, қола медаль үшін күресін жалғастырды.

.

Көп оқылды:

.
.