weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 7
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан Азиадада күрестен екі қола медаль жеңіп алды

Едиге Қасымбек пен Зейнеп Баянова Азия ойындарында қола жүлдегер атанды. Екі балуан да шешуші белдесуде қарсыластарын ұтып, Қазақстан қоржынына жүлде салды.

Қазақстан Азиадада күрестен екі қола медаль жеңіп алды Қазақстан Азиадада күрестен екі қола медаль жеңіп алды
Qazinform

Қазақстан балуандары Азиадада күрестен екі қола медаль жеңіп алды. Ерлер арасындағы 125 келіге дейінгі еркін күресте Едиге Қасымбек Түрікменстан өкілі Зыямуҳаммет Сапаровты 14:4 есебімен ұтты.

U20 әлем чемпионы үшін бұл Азия ойындарындағы алғашқы жарыс болды. Ол дебютінде-ақ қола жүлдеге қол жеткізді.

Әйелдер арасындағы 50 келі салмақта Зейнеп Баянова да қола медаль иеленді. Ол үшінші орын үшін өткен белдесуде Үндістаннан келген Дипаншиды таза жеңді.

Баянова жарыс барысында Моңғолияның өкілі Мүнхнар Бямбасүрэнді 8:4, Оңтүстік Корея балуаны Миран Чонды 7:3 есебімен ұтты. Жартылай финалда жапониялық Юи Сусакиге 0:4 есебімен есе жібергенімен, кейін қола медаль үшін күресте қайта басым түсті.

Бұған дейін таэквондошы Тамирлан Тлеулес Қазақстанға Азиададағы 12-алтын медальді әкелген еді.

.

Көп оқылды:

.
.