Қазақстандық джиу-джитсу шебері Жібек Құлымбетова Аичи мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Құлымбетова үшінші орын үшін өткен белдесуде Оңтүстік Кореяның Чон Хуивонымен кездесті.
Жекпе-жек 2:2 есебімен аяқталды. Қосымша көрсеткіштер бойынша жеңіс Қазақстан спортшысына беріліп, ол құрлықтық доданың қола жүлдесін иеленді.
Бұған дейін Қазақстан джиу-джитсудан тағы бір медаль алған еді. Нұржан Батырбеков 69 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдеге қол жеткізді.