weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 5
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Дамир Тоқтаров Азия ойындарында спорттық өрмелеуден қола медаль алды

Қазақстандық Дамир Тоқтаров Азия ойындарында спорттық өрмелеуден қола жүлдеге ие болды. Жартылай финалда ол олимпиада чемпионы Веддрик Леонардоны да жеңіп, финалға жолдама алған еді.

Дамир Тоқтаров Азия ойындарында спорттық өрмелеуден қола медаль алды Дамир Тоқтаров Азия ойындарында спорттық өрмелеуден қола медаль алды
Qazinform

Қазақстандық спортшы Дамир Тоқтаров Азия ойындарында спорттық өрмелеуден қола медаль жеңіп алды.

Жарыстың алтын жүлдесі Қытай өкілі Чу Шоухунға бұйырса, күміс медальді Иран спортшысы Реза Али Пур иеленді.

Тоқтаров жартылай финалда 4.789 секунд нәтиже көрсетіп, Индонезияның олимпиада чемпионы Веддрик Леонардоны жеңді. Осылайша ол финалға екінші үздік уақытпен шыққан еді.

Тағы бір қазақстандық спортшы, 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы Әмір Мәймұратов та жартылай финалға дейін жетті.

Осы жарыстағы жүлде Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы табысын толықтыра түсті.

.

Көп оқылды:

.
.