Қазақстандық спортшы Александр Коробов Аичи мен Нагояда өтіп жатқан Азиат ойындары-2026 жарысында гребной слаломнан қола медаль иеленді.
Коробов ерлер арасындағы байдарка-одиночка финалында 94,48 секунд нәтиже көрсетіп, мәреге үшінші болып жетті.
Жарыста Қытай өкілі Ху Чжаошань топ жарды. Ол қашықтықты 91,41 секундта еңсеріп, алтын медаль алды.
Күміс жүлде жапониялық Юки Танакаға бұйырды. Ол финалды 92,87 секундта аяқтады.