UFC-дің наилегчайший салмағындағы чемпиондық жекпе-жек 2027 жылы өтетін UFC 336 турниріне жоспарланып отыр. Бұл кездесуде чемпион Джошуа Ван мен анголалық Мане́л Капе октагонға шығуы мүмкін.
Екі тарап UFC чемпиондық белбеуі сарапқа салынатын айқасты өткізуге келіскені айтылды. Жекпе-жек кештің қос басты оқиғасының бірі болады деп күтілуде.
Қазіргі таңда UFC-дің осы салмақтағы рейтингінде қазақстандық Асу Алмабаев бесінші орында тұр. Ол 21 қарашада Катардың Доха қаласында өтетін UFC Fight Night турнирінде жапониялық бұрынғы Bellator және Rizin чемпионы Кёдзи Хоригучипен кездеседі.
Бұл айқастағы жеңімпаздың титулға басты үміткер атануға мүмкіндігі жоғары. Сондықтан Алмабаев үшін алдағы жекпе-жек чемпиондық жолдағы шешуші қадамдардың бірі болмақ.
Айта кетейік, UFC 336 номерлік турнирі әлі ресми түрде жарияланған жоқ. Қазіргі дерекке қарағанда, жарыс 2027 жылдың қаңтарында өтіп, UFC-дің сол жылғы номерлік турнирлер күнтізбесін ашуы мүмкін.