Қазақстандық спортшы Арайлым Шегенова Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азиат ойындарында кураш сайысынан қола медаль жеңіп алды.
Шегенова 87 килодан жоғары салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жартылай финалға шығу үшін өткен белдесуде ол Оңтүстік Корея өкілі Ким Мин Ёнмен кездесті.
Бұл белдесуде жеңіс кореялық спортшының еншісіне тиді. Соның нәтижесінде Арайлым Шегенова Азиада-2026 жарысының қола жүлдегері атанды.