weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 4
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Асу Алмабаев UFC Fight Night турнирінде Кёдзи Хоригучимен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев 21 қарашада Катарда өтетін UFC Fight Night турнирінде жапон спортшысы Кёдзи Хоригучимен кездеседі. Бұл – Алмабаевтың UFC-дегі келесі ресми жекпе-жегі.

Асу Алмабаев UFC Fight Night турнирінде Кёдзи Хоригучимен жекпе-жек өткізеді Асу Алмабаев UFC Fight Night турнирінде Кёдзи Хоригучимен жекпе-жек өткізеді
Sports.kz

UFC ұйымы қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, жеңіл салмақтағы рейтингтің бесінші нөмірі Асу Алмабаевтың келесі қарсыласын ресми түрде жариялады. Ол 21 қарашада Катарда өтетін UFC Fight Night турнирінде жапон спортшысы Кёдзи Хоригучимен қолғап түйістіреді.

Алмабаевтың қоржынында қазір 24 жеңіс және 3 жеңіліс бар. Ал Хоригутидің көрсеткіші — 36 жеңіс, 6 жеңіліс. Жапон спортшысы UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде сегізінші орында тұр.

Қазақстандық спортшы соңғы кездесуін 27 маусымда Бакудегі UFC турнирінде өткізіп, америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта ауырту тәсілімен жеңді. Бұл оның қатарынан жетінші рет жеңіске жетуі және UFC аясындағы сегіз жекпе-жектің жетеуінде үстем шығуы болды.

Хоригути бұған дейін 20 маусымда Манел Кейпеден техникалық нокаутпен жеңілген еді. Сол айқас Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night турнирінің басты жекпе-жегі болған.

Катардағы турнир картасына сондай-ақ Алджамейн Стерлинг — Кевин Вальехос, Дэн Хукер — Брайан Ортега, Джаред Каннонир — Икрам Әліскеров және Шамиль Газиев — Таллисон Тейшейра жұптары енді. Турнирдің басты кездесуі жартылай ауыр салмақта бұрынғы UFC чемпионы Иржи Прохазка мен новозеландиялық Наваджо Стирлинг арасында өтеді.

.

Көп оқылды:

.
.