weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесіп, марапат тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісі және әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады. Кездесу соңында теннисшіге «Барыс» ордені III дәрежесі табысталды.

Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесіп, марапат тапсырды Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесіп, марапат тапсырды
Sports.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны АҚШ ашық чемпионатындағы табысы және әлемнің бірінші ракеткасы атануы сынды тарихи жетістігімен құттықтады. Президент бұл жеңістердің Қазақстан спорты үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Рыбакинаның жетістігі балалар мен жасөспірімдерді тенниске көбірек тартатынын айтып, оның көптеген жас спортшыға үлгі болып отырғанына назар аударды. Тоқаевтың сөзінше, спорттағы мұндай табыстар ел болашағы үшін де маңызды.

«Три победы на турнирах Большого шлема навечно останутся в летописи тенниса. Полагаю, что на этом Вы не остановитесь и дальше будете продолжать свое победное шествие», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Елена Рыбакинаның корттағы және көпшілік алдындағы жоғары мәдениетін де ерекше айтты. Оның пікірінше, бұл Қазақстанды дамыған әрі өркениетті мемлекет ретінде танытуға ықпал етеді.

Өз кезегінде Елена Рыбакина мемлекет басшысына қолдауы үшін алғыс білдіріп, Қазақстанда үлкен теннистің дамуына айрықша көңіл бөлініп отырғанын жоғары бағалады. Ол халықаралық аренада Қазақстанның намысын қорғап жүргенін мақтан тұтатынын айтты.

Кездесу қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаға Қазақстанда теннисті дамыту мен насихаттауға қосқан зор үлесі үшін «Барыс» ордені III дәрежесін табыстады.

.

Көп оқылды:

.
.