weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 5
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ерлан Тасмағамбетов Азия ойындарында қола медаль алды

Қазақстандық Ерлан Тасмағамбетов Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында батуттағы гимнастикадан жүлдегер атанды. Ол суперфиналда үшінші орынға тұрақтады.

Ерлан Тасмағамбетов Азия ойындарында қола медаль алды Ерлан Тасмағамбетов Азия ойындарында қола медаль алды
Sports.kz

Қазақстандық гимнаст Ерлан Тасмағамбетов Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.

Ерлан батуттағы гимнастика жарысының суперфиналында өнер көрсетіп, 54,69 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған үшінші орын әкелді.

Жарыста Қытай спортшысы Янь Ланъюй топ жарды — 65,09 ұпай. Оның отандасы Ван Цзысай 63,83 ұпаймен екінші орын алды.

Бұған дейін Роман Барков финалда сегізінші орын алып, суперфиналға өте алмаған еді.

.

Көп оқылды:

.
.