Қазақстандық гимнаст Виктория Бутолина Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында батут гимнастикасы бойынша финалға шықты.
Іріктеу кезеңінде ол 52,18 ұпай жинап, аралық кестеде бесінші орынға табан тіреді. Осы нәтиже оған медаль үшін таласты жалғастыруға мүмкіндік берді.
Финал бүгін, 27 қыркүйекте өтеді. Оның қорытындысы бойынша үздік төрт спортшы суперфиналға жолдама алады.