weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 7
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Аичи мен Нагоядағы Азия ойындарында Қазақстанның әйелдер құрамасы 50 метрге үш қалыпта винтовкамен ату сайысында командалық есепте қола медаль иеленді. Жекелей сында Арина Малиновская финалға өтті.

Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
Sports.kz

Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстанның әйелдер құрамасы пулевая стрельбеден қола медаль жеңіп алды.

50 метр қашықтықтан үш қалыпта винтовкамен атудан ел намысын Арина Малиновская, София Шульженко және Елизавета Безрукова қорғады.

Іріктеу кезеңінде Арина Малиновская 587 ұпай жинап, тоғызыншы орынмен финалға жолдама алды. София Шульженко 585 ұпаймен 14-орынға тұрақтаса, Елизавета Безрукова 582 ұпаймен 22-сатыдан көрінді. Қалған екеуі шешуші кезеңге өте алмады.

Командалық есепте іріктеудегі нәтижелер де ескеріліп, Қазақстан құрамасы 1754 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. Алтын медальді 1773 ұпай жинаған Қытай жеңіп алды, күміс медаль Үндістанға бұйырды — 1763 ұпай.

.

Көп оқылды:

.
.