Қазақстандық ескекші Стелла Суханова Аичи-Нагоядағы XX жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды. Ол байдарка-одиночкада 500 метр қашықтықтағы финалдық жарыста үшінші нәтиже көрсетті.
Жарыстан кейін Суханова өз өнеріне жоғары баға беруден аулақ болып, бұдан да жақсы нәтиже күткенін айтты.
«Хотелось, конечно, лучшего результата — всегда ждешь от себя большего. Будем дальше стараться, прорабатывать детали и учиться, это спорт. Дождь, в принципе, не мешает. Ориентировалась сегодня только на себя, но немного не получилось.
Мне кажется, нужно больше работать психологически: не бояться и справляться с давлением, потому что когда на тебя смотрит столько глаз, становится тяжело и ты невольно зажимаешься», — деді Стелла Суханова.
23 жастағы спортшы үшін бұл Азиададағы екінші жүлде. Бұған дейін ол Қазақстанның төрттігі сапында 500 метрлік қашықтықта қола медаль алған еді.