weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 7
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Инсайдер Асу Алмабаевтың Хоригутиге қарсы мүмкіндігін жоғары бағалады

Асу Алмабаев 21 қараша күні UFC Qatar турнирінде Кёдзи Хоригутимен жекпе-жек өткізеді. Марсель Дорфф бұл кездесу Асу үшін титулға жақындаудың маңызды сынағы болатынын айтты.

Инсайдер Асу Алмабаевтың Хоригутиге қарсы мүмкіндігін жоғары бағалады Инсайдер Асу Алмабаевтың Хоригутиге қарсы мүмкіндігін жоғары бағалады
Sports.kz

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев қарашаның соңында октагонға қайта оралады. Ол 21 қарашада Катарда өтетін UFC Qatar турнирінде жапониялық атақты спортшы Кёдзи Хоригутимен күш сынасады.

Хоригути — UFC титулы үшін таласқан, бұрын Bellator және Rizin чемпионы атанған тәжірибелі файтер. Жекпе-жек Эр-Райян қаласындағы Ali Bin Hamad Al Attiyah аренасында өтеді.

ММА саласындағы белгілі инсайдер, Eurosport Nederland журналисі әрі Tapology.com редакторы Марсель Дорфф бұл кездесу туралы пікір білдіріп, UFC Асуға дәл осындай қарсылас таңдау арқылы оның деңгейін тексергісі келетінін айтты. Оның сөзінше, екі спортшы да Манель Капеден жеңілгендіктен, бұл жекпе-жек қисынды шешім болып көрінеді.

«Алмабаев қазір дивизиондағы ең үздік файтерлердің бірі. UFC оның Хоригути сияқты қарсыласты жеңе ала ма, соны көргісі келеді», — деді Дорфф.

Инсайдер Хоригутидің соққы алмасуда басым болуы мүмкін екенін, ал Алмабаевтың партерде мықтырақ екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл кездесуде кім өз мәнерін көбірек жүргізе алатыны шешуші рөл атқармақ.

Дорфф Алмабаевтың Манель Капеден кейін ілгерілегенін де атап өтті. Оның пікірінше, Асу қазір жақсы формада, ал Хоригутиді жеңсе, чемпиондық жекпе-жекке бір қадам жақындайды. Дегенмен, титулға шығу үшін оған тағы бір кездесу қажет болуы да мүмкін.

«Егер Асу Хоригутиді жеңсе, келесі қарсылас ретінде Ройвалға қарсы жекпе-жек мағыналы болар еді», — деді Марсель Дорфф.
.

Көп оқылды:

.
.