weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Жаңалықтар 3
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстандық қосақ ескекшілер Азия ойындарында ел қоржынына сегізінші алтын салды

Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Жапонияда өтіп жатқан Азиада-2026 жарысында жеңімпаз атанды. Бұл Қазақстан үшін қазіргі ойындардағы сегізінші алтын медаль болды.

Қазақстандық қосақ ескекшілер Азия ойындарында ел қоржынына сегізінші алтын салды Қазақстандық қосақ ескекшілер Азия ойындарында ел қоржынына сегізінші алтын салды
Sports.kz

Қазақстандық ескекші Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Жапонияда өтіп жатқан Азиада-2026 додасында алтын медаль жеңіп алды.

Ерлер арасында қосақ ескек есуден рулсіз жұптасқан сында олар финалда ең үздік нәтиже көрсетіп, мәрені 6:25.13 уақытпен бірінші болып кесті.

Күміс медаль Қытай спортшылары Цао Чуань мен Ян Мэншуайға бұйырды — олардың уақыты жеңімпаздардан 2.09 секунд кейін тіркелді. Қола жүлдені Өзбекстан өкілдері Максим Голубев пен Алишер Турдиев иеленді, олар көшбасшылардан 7.21 секундқа қалып қойды.

Осылайша, бұл алтын медаль Қазақстан құрамасы үшін Азиада-2026-дағы сегізінші жүлде болды. Қазіргі сәтте ел қоржынында 22 медаль бар: 8 алтын, 6 күміс және 8 қола.

Азиада-2026 Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында 4 қазанға дейін жалғасады.

.

Көп оқылды:

.
.