Қазақстандық мерген Валерий Рахимжан Аичи мен Нагоядағы (Жапония) 2026 жылғы Азия ойындарында нысана көздеуден финалға жолдама алды.
Рахимжан 10 метр қашықтықтан пневматикалық тапаншамен атудан өткен іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, төртінші орынға тұрақтады.
Осы нәтиженің арқасында ол шешуші кезеңге өтті. Ал Қазақстанның тағы екі өкілі — Кирилл Федькин мен Эльдар Иманқұлов — іріктеуді тиісінше 33- және 57-орында аяқтап, финалға өте алмады.
Жеке нәтижелер командалық есепке де қосылды. Бұл сыннан кейін Қазақстан құрамасы командалық зачётте оныншы орынға жайғасты.