Магнитогорскінің «Металлургы» ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатындағы сырт алаңдағы ойында Уфаның «Салават Юлаевын» 4:3 есебімен жеңді.
«Уфа-Аренадағы» кездесуде Нэйтан Тодд есеп ашты. Екінші кезеңде Игорь Нечаев басымды арттырды. Алайда Шелдон Ремпал 42 секундтың ішінде дубль жасап, екі голды да сан басымдығында соғып, таразы басын қайта теңестірді — 2:2.
Сөйтсе де екінші үзіліске дейін Сергей Толчинский шайбаны аз құрамда соғып, қонақтарды қайта алға шығарды. Шешуші кезеңде Тодд көпшілік құрамында екінші голын енгізді. Бұл шайбалардың біріне Қазақстан құрамасының қорғаушысы Валерий Орехов нәтижелі пас берді.
Ойын соңына 12 секунд қалғанда Мэттью Маджио «Салават Юлаевтың» есепті 6-ға 5 форматында қысқартты. Бірақ алаң иелері таразы басын теңестіре алмады.
«Металлургтың» қазақстандық шабуылшысы Никита Михайлис бұл кездесуде нәтижелі әрекетпен көзге түскен жоқ.
Келесі ойында «Салават Юлаев» 26 қыркүйекте Мәскеуде «Динамомен» кездеседі. Сол күні «Металлург» өз мұз айдынында Қазанның «Ақ Барсын» қабылдайды.