Қазақстан құрамасының ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының жартылай финалында жеңіске жетті.
77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол Филиппин өкілі Карлос Альвареспен кездесті. Төрешілер Бүркіталиннің басымдығын 3:0 есебімен бағалады.
Осы нәтижеден кейін қазақстандық спортшы шешуші кезеңге өтіп, енді алтын медаль үшін күреседі. Ал Карлос Альварес жарысты қола медальмен аяқтады.
Бұған дейін Қазақстан ММА құрамасы бұл Азия ойындарында 65 келіге дейінгі «дәстүрлі» салмақта Санжар Адиловтың қола жүлдесі арқылы қоржынға алғашқы медалін салған еді. Жалпы, ел намысын бұл жарыста төрт спортшы қорғап жатыр: Еркінғали Бүркіталин, Кадырбек Шинбаев, Санжар Адилов және Айгерім Тореханова.