weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Күрес 4
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

UFC 331: Джошуа Ван чемпиондық белдігін сақтап қалды

Лос-Анджелесте өткен UFC 331 турнирінде жеңіл салмақтағы чемпиондық жекпе-жек аяқталды. Джошуа Ван Алешандре Пантожаны төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіп, титулын қорғап қалды.

UFC 331: Джошуа Ван чемпиондық белдігін сақтап қалды UFC 331: Джошуа Ван чемпиондық белдігін сақтап қалды
Sports.kz

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лос-Анджелес қаласында өткен UFC 331 турнирінде жеңіл салмақтың чемпиондық белбеуі сарапқа салынды. Бұл кездесуде Мьянма өкілі Джошуа Ван бразилиялық Алешандре Пантожамен қолғап түйістірді.

Бес раундқа жоспарланған жекпе-жек толық қашықтыққа созылды. Нәтижесінде Ван төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті — 49-46, 48-47, 50-45.

Осылайша, Джошуа Ван кәсіби мансабындағы 18-жеңісіне қол жеткізіп, чемпиондық атағын сақтап қалды. Алешандре Пантожа болса жетінші рет жеңіліс тапты.

Бұл екі спортшының алғашқы кездесуі желтоқсанда өткен еді. Ол кезде бразилиялық файтер 26-секундта жарақат алып, жеңіс қарсыласына берілген болатын.

Жеңіл салмақта UFC-де Қазақстан намысын Асу Алмабаев қорғап жүр. Қазіргі таңда ол рейтингте бесінші орында тұр.

.

Көп оқылды:

.
.