Астаналық «Барыстың» америкалық шабуылшысы Джастин Бэйли ҚХЛ-дың 2026/2027 жылғы тұрақты чемпионатында үздік бомбардирлер қатарына кірді.
Бэйли қазір тізімде екінші орында тұр. Оның еншісінде бес матчта тоғыз ұпай бар. Көш басында СКА шабуылшысы Николай Голдобин келеді — оның көрсеткіші 12 ұпай, 6 матч.
Үшінші сатыда «Локомотив» ойыншысы Александр Радулов орналасқан. Оның да 9 ұпайы бар, алайда ол мұны 6 кездесуде жинаған.
ҚХЛ-дың үздік бомбардирлерінің қазіргі ондығы:
1. Николай Голдобин («СКА») — 12 ұпай (6 матч)2. Джастин Бэйли («Барыс») — 9 (5)3. Александр Радулов («Локомотив») — 9 (6)4. Джек Родуолд («Куньлунь Ред Стар») — 8 (5)5. Кирилл Семенов («Ак Барс») — 8 (7)6. Бреннан Менелл («Динамо» Мәскеу) — 7 (4)7. Александр Беляев («Спартак») — 7 (5)8. Анатолий Голышев («Автомобилист») — 7 (5)9. Александр Шаров («Салават Юлаев») — 7 (5)10. Тай Смит («Динамо» Минск) — 7 (5)
Маусым басынан бері Бэйли мұз айдынында 5 кездесуде жалпы 91 минут 11 секунд өткізіп, 5 шайба соқты және 4 нәтижелі пас берді. Оның ішінде «Сібір» мен «Лада» қақпасына екі-екіден гол енгізген ойындары бар.