Қазақстан Бірінші лигасының 23-турында костанайлық «Тобыл М» ақтаулық «Қаспий М»-мен кездесті.
Бірінші таймда қос команда да белсенді ойын көрсетіп, қауіпті сәттер ұйымдастырды. Дегенмен есепті үзіліске аз уақыт қалғанда алаң иелері ашты. Жылдам шабуылдың соңында Сұлтан Бақытқыриев төменнен берілген пасты қабылдап, қақпашыны алдап өтіп, допты бос қақпаға тоғыстырды.
Екінші таймның соңында Эмин Мұсаев пен Нұрмұбарак Жақсылық та мергендік танытып, «Тобыл М»-ның басымдығын нығайтты. Кездесу 3:0 есебімен аяқталды.
Осы жеңістен кейін «Тобыл М» еншісіндегі ұпай санын 16-ға жеткізді, алайда турнир кестесінің төменгі бөлігінде қалды. «Қаспий М»-дің қоржынында 25 ұпай бар, команда ортаңғы орында тұр.