weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:20 / SportRoom / Футбол 8
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстан әйелдер чемпионатында «БИИК-Шымкент» чемпион атанды

Петропавлдағы «Қарасай» стадионында өткен финалда «БИИК-Шымкент» «Туранды» 3:0 есебімен ұтып, ел чемпионы болды. Қола үшін ойында «Актөбе» елордалық «Жеңісті» жеңді.

Қазақстан әйелдер чемпионатында «БИИК-Шымкент» чемпион атанды Қазақстан әйелдер чемпионатында «БИИК-Шымкент» чемпион атанды
Sports.kz

Петропавлдағы «Қарасай» стадионында өткен Қазақстан әйелдер лигасының финалында «БИИК-Шымкент» «Туранды» 3:0 есебімен сенімді жеңіп, чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Шымкенттік команда матчтың басында-ақ басымдықты өз қолына алды. 7-минутта Бибігүл Нұрушева есеп ашса, араға екі минут салып Теодора Никоара тағы бір гол соқты.

Екінші таймда да «БИИК-Шымкент» қарқынын төмендеткен жоқ. 54-минутта Гүлнара Ғабелия үшінші голды енгізіп, кездесудің нүктесін қойды.

Осы жеңістің арқасында «БИИК-Шымкент» 2026 жылғы Қазақстан чемпионы атанды және келесі маусымда УЕФА әйелдер Чемпиондар лигасында ел намысын қорғайды.

Қола жүлде үшін ойында «Актөбе» астаналық «Жеңісті» 2:0 есебімен ұтты. 11-минутта Алина Литвиненко мергендік танытса, 61-минутта Айжан Боронбекова екінші голды соғып, жеңісті түбегейлі қамтамасыз етті.

Осылайша, былтырғы чемпион «Актөбе» маусымды үшінші орынмен аяқтады, ал «Жеңіс» жүлдесіз қалды.

.

Көп оқылды:

.
.