weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Футбол 8
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақстанның U-15 құрамасы Өзбекстанмен бір топқа түсті

Қазақстанның 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Әзербайжанда өтетін FIFA U-15 World Cup Festival 2026 турнирінде Өзбекстанмен бір топқа түсті. Құрлықта алғаш рет ұйымдастырылатын додаға 191 елдің құрамасы қатысады.

Қазақстанның U-15 құрамасы Өзбекстанмен бір топқа түсті Қазақстанның U-15 құрамасы Өзбекстанмен бір топқа түсті
Sports.kz

Қазақстанның 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Әзербайжанда өтетін FIFA U-15 World Cup Festival 2026 жарысында Өзбекстанмен бір топқа түсті.

Бұл топта бұдан бөлек Багам аралдары, Гана, Гуам және Мьянма құрамалары бар. Демек, Қазақстан жасөспірімдеріне плей-офф кезеңіне жолдама алу үшін осы қарсыластармен бәсекеге түсуге тура келеді.

Турнир Бакуде 22-31 қазан аралығында өтеді. Жарысқа 191 елдің жасөспірімдер құрамасы қатысып, олар 32 топқа бөлінген.

Топтық кезең 24-26 қазан күндері өтеді. Әр команда үш күн ішінде бес матч өткізеді, ал кейбір күндері екі кездесуден ойнайды.

FIFA U-15 World Cup Festival 2026 — ФИФА өткізгелі отырған эксперименттік әрі тарихи турнир.

.

Көп оқылды:

.
.