Мадридтің «Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен Испания чемпионатының бесінші тур ойынында «Реал» «Райо Вальеканоны» сенімді түрде ұтты — 4:1.
Үй иелері сапынан Килиан Мбаппе 14-минутта пенальтиден көзге түсіп, 90+1 минутта тағы бір гол қосты. Сонымен қатар Альваро Каррерас 17-минутта, Джуд Беллингем 35-минутта мергендік танытты.
Қонақтар құрамындағы жалғыз голды Серхио Камельо 51-минутта соқты.
Осы жеңістен кейін «Реалдың» еншісінде 12 ұпай бар, клуб турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. «Райо Вальекано» 4 ұпаймен 15-сатыға түсті.
Келесі турда «Реал» сырт алаңда «Эльчемен» кездеседі, ал «Райо Вальекано» өз алаңында «Эспаньолды» қабылдайды.