Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов «Сабах» сапындағы ойынынан кейін британдық басылымдардың талқысына түсті. Ол «Манчестер Юнайтедке» қарсы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы тур матчында алаңға шығып, толық ойнады.
Кездесу «Олд Траффордта» өтіп, ағылшын клубының 4:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Покатилов бірнеше мәрте командасын құтқарғанымен, төртінші гол соғылған сәтте қателікке жол берді. Сол эпизодта Лисандро Мартинес мүмкіндікті мүлт жібермей, допты қақпаға енгізді.
The Guardian бұл сәтті жеке саралап, Бруну Фернандештің айып добынан кейінгі эпизодта жағдайдың ушығып кеткенін жазды: Джошуа Зиркзее өкшемен соғуға тырысқан, одан кейін доп Аден Маккартиге тиіп, артынша Покатилов доптан көз жазып қалған. The Times те осы тұста қақпашының мұндай сәтті қайта көргісі келмейтінін атап өтті.
The Athletic бұл голды Лисандро Мартинестің соққан ең жеңіл голдарының бірі болуы мүмкін деп бағалап, Покатилов үшін ол қайтып қарағысы келмейтін сәт екенін жазды. «Сабах» үшін «Олд Траффордтағы» ойын клуб тарихындағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы матч болды.