Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 жарысының ширек финалында қытайлық Чжэн Циньвэньге қарсы алғашқы сетте жеңіліп қалды.
Әлемдік рейтингте 2-орында тұрған Рыбакина бірінші партияда 3:6 есебімен ұтылды. Қарсыласы Чжэн Циньвэнь қазіргі таңда WTA рейтингінде 121-сатыда тұр.
Осы кездесудегі жеңіс Елена Рыбакинаға Арина Соболенконың нәтижесіне қарамастан әлемнің бірінші ракеткасы атануға мүмкіндік береді.
US Open-2026 турнирінде Рыбакина бұған дейін америкалық Тея Фродинді, испаниялық Джессика Бусас Манейроны, украиналық Юлия Стародубцеваны және жапониялық Наоми Осаканы жеңген болатын.