Күрес

Махачев келесі жекпе-жегіндегі басты қарсыластарын атады

UFC чемпионы Ислам Махачев болашақтағы ықтимал қарсыластары ретінде Карлос Пратес пен Майкл Моралесті атады. Сондай-ақ ол Шавкат Рахмоновтың да жекпе-жекке оралғанын қалайтынын айтты.

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачев алдағы жекпе-жекке лайық қарсыластардың кім екенін айтты. Ресейлік спортшының сөзінше, оны күн сайын тыңғылықты жаттығуға итермелейтін бірнеше үміткер бар.

Махачевтің пікірінше, қазіргі таңда ең қызық нұсқалардың екеуі — Карлос Пратес пен Майкл Моралес. Ол Пратесті ерекше тартысты қарсылас деп бағалады.

«Шавкат Рахмонов та жекпе-жекке шыққысы келеді — қалпына келсін де, келсін. Олар мені айқаста тоқтатамыз деп үміттенеді, бірақ мен белбеуді қорғаймын», — деді Махачев.

Чемпионның айтуынша, оның 20 жекпе-жектен тұратын жеңіс сериясы да өзіне ұнайды және осы межеге жету үшін барын салуға дайын.

34 жастағы Махачев тамыз айының ортасында ирландиялық Иан Гэрриді төрешілер шешімімен жеңіп, чемпиондық атағын сәтті қорғаған еді. Қазір оның еншісінде 29 жеңіс пен 1 жеңіліс бар. Ал Махачевтің қатарынан жеңіске жеткен 17 жекпе-жегі UFC рекорды саналады.

Пратес UFC жартылай орта салмақ рейтингінде бірінші орында тұр, ал Моралес үшінші сатыда.