Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2020 жылдан бері өткен WTA турнирлеріндегі камбэк саны бойынша көшбасшылар тізіміне енді.
Әлемнің екінші ракеткасы есепте ұтылып жатып аяқталған 45 матчта жеңіске жетіп, бұл көрсеткіш бойынша екінші орынға жайғасты. Ал тізімнің басында америкалық Джессика Пегула тұр — оның қоржынында 48 осындай жеңіс бар.
Үшінші орында Беларусь өкілі Арина Соболенко орналасқан. Оның еншісінде 43 камбэк бар. Үздік бестікке сондай-ақ америкалық Коко Гофф (42) және ресейлік Дарья Касаткина (40) кірді.
Қазір Рыбакина US Open-2026 додасында өнер көрсетіп жатыр. Ол ширек финалда қытайлық Чжэн Циньвэньмен ойнап жатыр. Бұл кездесудегі жеңіс оны жартылай финалға шығарып қана қоймай, Коко Гофф пен Мирра Андрееваның арасындағы жұптың жеңімпазымен кездесуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, сол нәтиже Рыбакинаны әлемнің жаңа бірінші ракеткасы етуі де мүмкін. Ал Соболенко ширек финалда чехиялық Линда Носкованы жеңіп, 11 қыркүйекте жартылай финалда америкалық Джессика Пегулаға қарсы ойнайды.
Бұған дейін Рыбакина WTA маусымындағы жеңістер саны бойынша да Беларусьтің бірінші ракеткасын басып озған еді: қазақстандық теннисшінің еншісінде — 45, Соболенконың қоржынында — 44 жеңіс.