Тайсон Фьюри Александр Усикпен үшінші жекпе-жекті жариялады
Британдық боксшы Тайсон Фьюри украиналық Александр Усикпен трилогия болатынын мәлімдеді. Ол бұл айқасты «соңғы би» деп атап, жекпе-жек жақын екенін меңзеді.
Британдық боксшы Тайсон Фьюри украиналық Александр Усикпен үшінші жекпе-жек өтетінін жариялады.
Фьюри әлеуметтік желідегі жазбасында трилогияның дайындалып жатқанын айтып, бұл айқасты «қазіргі әлемнің жауынгерлері арасындағы соңғы би» деп сипаттады. Ол жекпе-жек жақын арада болатынын да меңзеді.
Усик пен Фьюридің бұған дейінгі екі кездесуі Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы «Kingdom Arena» аренасында өтті. Алғашқы жекпе-жек 2024 жылғы 18 мамырда абсолютті әлем чемпионы атағы үшін ұйымдастырылып, Усик төрешілердің бөлінген шешімімен жеңіске жетті.
Қайта кездесуде, 2024 жылғы 21 желтоқсанда, украиналық боксшы 12 раундқа созылған айқаста Фьюриді бір ауыздан қабылданған шешіммен жеңіп, WBA, WBC және WBO чемпиондық белбеулерін сәтті қорғады.