Футбол

«Қайрат» «Жеңісті» ұтып, қатарынан оныншы рет жеңіске жетті

Алматылық «Қайрат» кейінге шегерілген 21-тур матчында астаналық «Жеңісті» 3:0 есебімен тізе бүктірді. Осы нәтижеден кейін команда 57 ұпаймен Қазақстан премьер-лигасының көшін бастады.

Алматының «Қайраты» Қазақстан премьер-лигасының кейінге шегерілген 21-тур ойынында өз алаңында астаналық «Жеңісті» қабылдап, сенімді жеңіске жетті.

Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Матчты Қаратаудан келген Бақыт Абдуллаев бастаған төрешілер бригадасы басқарды.

«Қайрат» сапынан Эдмилсон бірінші таймда айып алаңының дәл ортасынан баспен гол соқты. Екінші бөлікте Марк Гуаль бір-бірге шығып, есепті еселеді. Ойын соңына қарай Луиш Мата таразы басын толықтай алаң иелерінің пайдасына бұрды.

«Қайрат» — «Жеңіс» 3:0 (1:0)

Голдар: Эдмилсон 20 (1:0), Гуаль 63 (2:0), Мата 86 (3:0).

Осы жеңістен кейін алматылықтар қатарынан оныншы матчында мерейін үстем етті. Команда 57 ұпай жинап, шымкенттік «Ордабасыдан» екі ұпай озып, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. «Жеңіс» 29 ұпаймен тоғызыншы орында тұр.