Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанды
Елена Рыбакина US Open-2026 ширек финалында Қытай теннисшісі Чжэн Циньвэньді жеңіп, WTA рейтингінде көш басына шығатын болды. Бұл — қазақстандық теннисші үшін мансабындағы тарихи жетістік.
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина алғаш рет WTA рейтингінде әлемнің бірінші ракеткасы атанды.
US Open-2026 турнирінің ширек финалында ол Қытай өкілі Чжэн Циньвэньді 3:6, 6:1, 6:4 есебімен ұтты. Осы жеңістің арқасында Рыбакина жаңартылған әлемдік рейтингте бірінші орынға көтеріледі.
Қазір Елена Рыбакина WTA рейтингінде екінші орында тұрған еді. Ал қарсыласы Чжэн Циньвэнь жарысқа 121-орынмен келді.
Турнир барысында қазақстандық спортшы америкалық Тея Фродинді, испаниялық Джессика Бусас Манейроны, украиналық Юлия Стародубцеваны және жапониялық Наоми Осаканы да жеңді.