weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Үлкен теннис 5
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина US Open-2026 ширек финалында Қытай теннисшісі Чжэн Циньвэньді жеңіп, WTA рейтингінде көш басына шығатын болды. Бұл — қазақстандық теннисші үшін мансабындағы тарихи жетістік.

Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанды Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанды
Sports.kz

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина алғаш рет WTA рейтингінде әлемнің бірінші ракеткасы атанды.

US Open-2026 турнирінің ширек финалында ол Қытай өкілі Чжэн Циньвэньді 3:6, 6:1, 6:4 есебімен ұтты. Осы жеңістің арқасында Рыбакина жаңартылған әлемдік рейтингте бірінші орынға көтеріледі.

Қазір Елена Рыбакина WTA рейтингінде екінші орында тұрған еді. Ал қарсыласы Чжэн Циньвэнь жарысқа 121-орынмен келді.

Турнир барысында қазақстандық спортшы америкалық Тея Фродинді, испаниялық Джессика Бусас Манейроны, украиналық Юлия Стародубцеваны және жапониялық Наоми Осаканы да жеңді.

.

Көп оқылды:

.
.