ФИДЕ Ресей шахмат федерациясының дауыс беру құқығын шектеді
Халықаралық шахмат федерациясы кеңесі Ресей шахмат федерациясын дауыс беруге құқығы бар мүшелер тізімінен алып тастады. Қазір тізімдегі 202 федерацияның мәртебесі 26 қыркүйекке дейін өзгеруі мүмкін.
Халықаралық шахмат федерациясы кеңесі Ресей шахмат федерациясын дауыс беру құқығы бар мүшелер қатарынан алып тастады. Бұл шешім ФИДЕ жариялаған федерациялар тізіміне байланысты белгілі болды.
Қазір дауыс бере алатын федерациялар саны 202-ге жетіп отыр. Алайда Ресеймен бірге Руанда да шеттетілген федерациялар қатарына кірген.
Сонымен қатар, 13 федерация бойынша шағымдар толық қаралмаған немесе қосымша ақпарат сұратылған. Сондықтан олардың дауыс беру мәртебесі әзірге өзгеріссіз қалды.
Әр федерацияның бір дауысы бар болғандықтан, сайлаушылардың түпкілікті құрамы 26 қыркүйекке дейін тағы да өзгеруі ықтимал.
Бұған дейін, 10 маусымда, ФИДЕ кеңесі Ресей шахмат федерациясының мүшелігін үш жылға тоқтату туралы ресми шешім қабылдаған еді. Бұл қадам Ресейдің ұйым аясындағы құқықтарын уақытша шектеді.
«Россия и Руанда исключены из списка, поскольку находятся под отстранением»