Беларусь теннисшісі Арина Соболенко АҚШ ашық чемпионатының ширек финалында чехиялық Линда Носкованы драмалық матчта ұтып, турнирдің жартылай финалына жолдама алды.
Соболенко үш сетке созылған ойында 7:6 (7:1), 3:6, 7:6 (10:7) есебімен басым түсті. Шешуші партияда ол 2:4 есебімен қалып қойса да, таразы басын өз пайдасына аударып, тай-брейкте жеңісті жұлып алды.
«Боже мой, ребята. Какая битва. Какая она невероятная игрок. Я сейчас просто без слов, потому что выкладывалась на пределе своих возможностей. В третьем сете я, честно говоря, думала: все, матч окончен. Наверное, именно это помогло мне немного расслабиться и просто идти за своими ударами. Я очень счастлива одержать эту победу. Это был тяжёлый матч. Тяжёлая битва. Спасибо вам, ребята, за то, что вы здесь, за вашу поддержку. Вы потрясающие. Всегда невероятно играть перед всеми вами. Спасибо за вашу поддержку», — деді Соболенко.
Беларусь өкілі Нью-Йоркте қатарынан үшінші «Үлкен дулыға» атағын жеңіп алу жолындағы күресін жалғастырып келеді. Жартылай финалда ол америкалық Джессика Пегула мен Эмма Наварро арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.