Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінде алғаш рет ширек финалға жолдама алды. Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық спортшы 1/8 финалда жапониялық Наоми Осаканы екі сетте ұтты — 6:1, 6:4.
Бұл жеңіс Рыбакина үшін АҚШ ашық чемпионатындағы ең ірі жетістік саналады. Бұған дейін оның осы турнирдегі ең үздік нәтижесі 1/8 финалға дейін жету еді.
Турнир барысында Елена Рыбакина америкалық Тея Фродинді — 6:3, 6:2, испаниялық Джессика Бусас Манейроны — 6:2, 6:4 және украиналық Юлия Стародубцеваны — 7:6, 6:3 есебімен жеңді.
US Open-2026 жеңімпазы 5 500 000 доллар және 2000 рейтингілік ұпай алады.