Үлкен теннис

Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы болу мақсаты туралы айтты

Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінде Наоми Осакадан басым түскеннен кейін, әлемдік рейтингтің көшін бастау мүмкіндігі жайлы пікір білдірді. Қазақстандық теннисші алдағы кездесуге толықтай дайындалатынын жеткізді.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің 1/8 финалында жапониялық Наоми Осакадан басым түскеннен кейін, әлемнің бірінші ракеткасы атану жайлы ойын ортаға салды.

Рыбакинадан жартылай финал жолдамасымен бірге WTA рейтингінің көшіне шығу мүмкіндігі де таразыланып жатқанын, мұндай мақсатқа қаншалықты ұмтылатыны және әр қадамға жеке-жеке назар аударуды қалай меңгеретіні сұралды.

«Әрине, мен соны қалаймын. Бұны қаламайтын адамды білмеймін. Бұл — менің мақсаттарымның бірі. Мен де осыған жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысамын, алдағы матчта соңына дейін күресемін, сосын не болатынын көреміз. Бүгінгідей жақсы доп бергенімде мүмкіндігім мол деп ойлаймын. Сондықтан барымды саламын, үміттенемін, бәрі менің пайдамызға шешіледі», — деді Рыбакина.

Қазақстандық теннисші Осакаға қарсы кездесуде 6:1, 6:4 есебімен екі сетте жеңіске жетті. Енді ол келесі кезеңде Қытай өкілі Чжэн Циньвэньмен ойнайды.

Рыбакина турнирде екінші ракетка ретінде өнер көрсетіп жатыр.